Қолдау

Minimill

AGU Minimill электрондық-торлы небулайзер меш

Басқа өнім

Электронно-сетчатый небулайзер AGU N7 Minimill

Барынша тиімді емделу үшін ингаляцияның ұзақтығы қандай болуы тиіс?

Ингаляциялық терапияның ұзақтығы, сонымен қатар оны жүргізуге арналған дәрі-дәрмектің атауы маманмен, емдеуші дәрігермен тағайындалуы тиіс. Өтінеміз, өзін өзі емдеумен айналыспаңыз. Процедураның жалпыға белгілі ұзақтығы күніне 1-2 немесе 2-3 реттілікті есепке ала отырып, балалар үшін 1-3 минутты, ересектер үшін шамамен 5 минутты құрайды.

Егер баланың дене қызуы 38°C болса, оған ингаляция жасауға бола ма?

Жоқ, болмайды. 37,5°С жоғары температура кезінде жақпай май жағу, банкілер, жылытқылар, қыша қағаздарын, ингаляция қолдануға тыйым салынған, себебі бұл барлық әдістер көтерңіке температура кезінде қан тамырлары арнасының және олардың өткізгіштігінің ұлғаюы салдарынан ағза ішінде инфекцияның көбеюіне және таралуына ғана ықпал ететін болады. Ингалияция жасағанға дейін температураны түсіру қажет және жалпы дәрігермен тағайындалған терапияны ұстану қажет.

Небулайзер AGU Minimill автоматты қосыла ма?

Жоқ, аспапты қосу үшін, «ҚОСУ/СӨНД» батырмасын басу керек.

Небулайзерді әртүрлі қалыптарда қолдануға бола ма, соның ішінде сәби кереуетте жатқан кезде?

Иә, дәрілік ерітінділерге арналған герметикалық бөліктің арқасында сіз AGU Minimill небулайзерін әртүрлі қалыптарда қолдана аласыз (суретті қараңыз), ал іс жүзінде шуылсыз жұмысы ингаляцияны бала ұйықтап жатқан кезде де жүргізуге мүмкіндік береді.

AGU Minimill небулайзерге арналған ауыстыру бөлшектерін қайдан сатып алуға болады?

Небулайзерге арналған бүріккішті дәріханалардан, сонымен қатар ресми интернет-дүкеннен сатып алуға болады. Ауыстыру бөлшектерін немесе керек-жарақтарын іздестіруде қиындықтар туындаған жағдайда, сервистік орталықпен хабарласыңыз.

Аспап қаншалықты оңтайлы болып табылады? Ол батареяларда немесе автомобильдік тұтатқыштан жұмыс істей ме?

AGU Minimill небулайзері бір рет қолданылатын, сонымен қатар қайта қуатталатын батареялардан да жұмыс істей алады, соның арқасында ол абсолюттік оңтайлы болып табылады. Сіз оны кез келген жол жүру және саяхат жасау кезінде де қолдана аласыз. Небулайзер дұрыс таңдап алынған адаптер кезінде автомобиль тұтатқышынан да жұмыс ітейтін болады. IEC 60601–1:2005 талаптарына сәйкес келетін сыртқы адаптерді ғана қолданыңыз. DC 5 В / 1 А адаптерін таңдаңыз. Жалғастырып тұратын ұяшық сыртқы диаметрі 3,5 мм, ішкі диаметрі 1,35 мм, ұзындығы 9,5 мм және оң кереғарлығы бар ашаға сәйкес келуі тиіс.

Осы аспаппен ингаляция процедурасын жасаған кездегі бу/аэрозольдің температурасы қандай?

AGU Minimill небулайзерін қолданған кезде ингаляция суық бумен жүргізіледі.

AGU Minimill небулайзерін күнделікті пайдалануға бола ма?

Иә, тазалау және залалсыздандыру ережелері сақталған жағдайда бұл аспапты күнделікті пайдалануға болады.

Ингаляция процесі орташа қанша уақытқа созылады?

Ингаляцияның ұзақтығы дәрігермен тағайындалған дәрі-дәрмектің көлеміне байланысты. Бүгінгі таңда AGU Minimill меш-небулайзері ұқсас ингаляторлардың ішіндегі ең жылдамы болып табылады. AGU Minimill небулайзердің бүрку жылдамдығы шамаман 0,35 мл/мин құрайды, бұл өзге де осындай жағдайлар кезіндегі компрессорлық ингаляторлардың бүрку жылдамдығына қарағанда 2 есе жылдам.

Аспаппен жиынтықта не жүреді?

AGU Minimill небулайзерінің жиынтығына келесі элементтер кіреді:

  • негізгі блок;
  • бүріккіш/ауыз мүштігі;
  • балалар маскасы;
  • «АА» 1,5 В типті батарейкалар (2 дана);
  • сақтауға арналған қолайлы сөмкеше;
  • кепілдік талоны бар пайдалану жөніндегі нұсқаулық.


AGU Minimill небулайзеріне арналған желілік адаптерді қалай таңдау керек?

IEC 60601–1:2005 талаптарына сәйкес келетін сыртқы адаптерді ғана қолданыңыз. DC 5 В / 1 А адаптерін таңдаңыз. Жалғастырып тұратын ұяшық сыртқы диаметрі 3,5 мм, ішкі диаметрі 1,35 мм, ұзындығы 9,5 мм және оң кереғарлығы бар ашаға сәйкес келуі тиіс.

AGU Minimill небулайзерінің көмегімен мұрынға арналған ингаляция жасауға бола ма?

Иә, мұндай ингаляцияны жүргізу үшін жиынтыққа кіретін масканы қолданыңыз.

Ауыстыру үшін батарейкалардың қандай типі қажет етіледі?

AGU Minimill небулайзері «АА» типті екі алкалиндік батарейкаларда жұмыс істей алады. Бір уақытта ескі және жаңа батарейканы, сонымен қатар әртүрлі типті батарейкаларды қолдануға тыйым салынады. Қоршаған ортаның ластану қаупін азайту үшін, біз бір рет қолданылатын батарейкалардың орнына қайта қуатталатын «AA» NiMH типті қайта қуатталатын никельді батарейкаларды (жиынтыққа кірмейді) қолдануды ұсынамыз.

AGU Minimill небулайзеріндегі батарейкалардың жұмыс істеу ұзақтығы қандай?

Батарейкалардың қызмет ету мерзімі олардың сыйымдылығы мен жағдайына байланысты. Әдетте аспап күніне 20 минут ішінде қолданылған кезде «АА» типті жаңа алкалиндік батарейкаларда шамамен 4 күн жұмыс істей алады. Индикатор қызғылт сары түспен жануды бастаған кезде (батарейкалардың тоғынан айырылуы), екі батарейканы жаңаларына ауыстырыңыз.

AGU Minimill небулайзерінің қызмет ету мерзімі қандай?

AGU өнімі қызмет етудің ұзақ мерзіміне есептелген. Өндіріс кезінде жоғары сапалы толымдаушы бөлшектер қолданылады, негізгі желілері сенімді қорғалған. Жаңа өнімді әзірлеу кезінде, аспап өмірінің ұзақтығын қамтамасыз ету үшін, біз негізгі құрамдас бөліктерге жүктеме бойынша тестілеу жүргіземіз. Аспаптың негізгі блогы қалыпты үй жағдайларында 5 жылдан кем емес мерзімдік жұмысқа есептелген, ал бүріккіш, маскалар және мүштік – дұрыс пайдаланған кезде 6 айдан кем емес. Мұқият әзірленгеніне және берік конструкциясына қарамастан, AGU Minimill небулайзерімен дұрыс жұмыс істемеу оның жұмысындағы ақаулыққа алып келуі мүмкін. Небулайзерге тиісті күтім жасау мен дұрыс пайдалану сізге көп жылдар бойы сәби үшін ингаляцияның жағымды процедурасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Небулайзердің салмағы өлшемі мен салмағы қандай?

AGU Minimill небулайзерінің салмакы батарейкаларсыз 74 г құрайды, ал оның өлшемдері (ҰЗЫНДЫҒЫ х ЕНІ х БИІКТІГІ) 76,5 мм х 41 мм х 73 мм құрайды.

AGU Minimill небулайзерінің шуылын немен салыстыруға болады?

Жұмыс істеп тұрған аспап шуылының деңгейі аспаптан 1 м диапазонда 23 дБ аз құрайды, бұл 1 м қашықтықта тұрған адамның сыбырының қаттылық дейңгейіне сәйкес келеді.

·                    AGU Minimill небулайзерін басқа адамдарға қолдануға беруге бола ма?

Небулайзерді жеке қолданған дұрыс. Бірлесіп қолдану жұқпалы аурулардың таралу қаупіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Аспапты залалсыздандыру процедурасын қалай жүргізуге болады?

Залалсыздандыру процедурасын тек қана бүріккіш үшін жүргізуге болады. Оны аспапты әрбір қолданғаннан кейін орындау ұсынылады, ал күнделікті қолданған кезде бұл проецдуран күн сайын келесі тәсілдердің кез келген біреуімен жүргізу қажет:  

  • Қайнатылған сумен залалсыздандыру. Бүріккішті тазартылған сумен шайыңыз және абайлап оны қайнап жатқан тазартылған суға максимум бес (5) минутқа батырыңыз. Абайлап бүріккішті шығарып алыңыз, су қалдығын сілкіп тастаңыз және  таза және құрғақ сүлгіге қойып, оны ауада кептіріңіз. Небулайзерді қолданудың немесе сақтау үшін ораудың алдында барлық бөлшектердің таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.   
  • Залалсыздандырушы ерітінділерді пайдалана отырып, залалсыздандыру.  Бүріккішті тазартылған сумен шайыңыз, содан кейін оны залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, ерітіндіге арналған нұсқаулықты сақтаңыз. Бүріккішті тазартылған сумен шайыңыз және бөлшектерді таза және құрғақ сүлгіде кептіріңіз.   Небулайзерді қолданудың немесе сақтау үшін ораудың алдында барлық бөлшектердің таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. 
 


Аспапты тазалау процедурасын қалай дұрыс жүргізу керек?

AGU Minimill небулайзерін тазалау процедурасын әрбір қолданудан кейін жүргізу қажет. Бұл үшін бүріккіштен дәрілік ерітіндінің қалдықтарын төгіп тастаңыз және аздаған тазартылған су құйыңыз. Мембрананы мұқият тазалау үшін, аспапты 1-2 минутөа қосыңыз. Содан кейін батарейкаларды шығарып алыңыз немесе адаптерді негізгі блоктан ажыратыңыз. Бүріккішті тазартылған сумен жуып, шаю үшін оны ажыратыңыз. Су қалдығын сілкіп тастаңыз және таза және құрғақ сүлгіге қойып, оны ауада кептіріңіз. Оларды сақтаға қоюдың немесе келесі жолы пайдаланудың алдында аспаптың барлық жуылған бөліктерінің толығымен кепкендігіне көз жеткізіңіз. Процедураны жүргізу барысында негізгі блокты жууға немесе сұйықтыққа батыруға, сонымен қатар мембранаға сауқсақтармен, мақта тампонымен немесе басқа да заттармен жанасуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ аспаптың құрамдас бөліктерін ыдыс жуғыш машинада және оларды қысқа толқынды пеште кептіруге тыйым салынады.

Неге AGU Minimill небулайзері қызғылт сары түспен жыпылықтайды?

Егер электродтар негізгі блокпен дұпыс жалғанбаған болса, аспаптың индикаторы қызғылт сары түспен жыпылықтайтын болады. Электродтарды спиртпен тазалаңыз және бүріккішті қайтадан орнатыңыз. Егер бұл көмектеспесе, бүріккішті ауыстыру қажеті, себебі мембрананың сынуы олқылықтың себебі болуы мүмкін.

Неге AGU Minimill небулайзерінің индикаторы үнемі қызғылт сары түспен жанады?

Аспапта қолданылатын батарейкалардың қуаты таусылған және ауыстыруды қажет етеді.

AGU Minimill небулайзері қосу батырмасын басқан кезде жұмыс істемесе не істеу керек?

Аспаптың жұмыс істеуден бас тартуына алып келетін келесі себептерді тексеріңіз:

  • Батарейкалар дұрыс орнатылмаған: (+) и (–) кереғарлықты сақтай отырып, батарейкаларды орнатыңыз.
  • Батарейкалардың қуаты таусылған: батарейкаларды ауыстырыңыз немесе адаптерді қолданыңыз.
  • Желілік адаптер (жиынтыққа кірмейді) негізгі блокпен дұрыс жалғанбаған: тексеріңіз және адаптерді негізгі блокпен дұрыс жалғаңыз.


Неге небулайзер жұмысының индикатопы жасыл түспен жанып тұр, ал бүрку жоқ?

Қосулы тұрған режімде бүркудің болмауының себептері келесілер болуы мүмкін:  

  • Бүріккіштің дұрыс орнатылмауы: бүріккішті нұсқаулыққа сәйкес қайтадан орнатыңыз.
  • Мембрана саңылауларының бітелуі: бүріккішті жуыңыз.
  • Мембрананың сынуы: бүріккішті ауыстырыңыз.

Мембранаға залал келтірмеу үшін, оны қалай жуу керек?

Мембранаға залал келтірмеу үшін, өтінеміз, бүріккішке күтім жасау жөнінжегі ұсыныстарды орындаңыз. Бүріккішті әрбір ингаляциядан кейін тазартылған сумен жуыңыз:
  1. Бүріккіштен дәрілік ерітіндінің қалдықтарын төгіп тастаңыз.
  2. Бүріккішке аздап тазартылған су құйыңыз.
  3. Аспапты қосыңыз және  мембрананы мұқият тазалау үшін, 1-2 минут бойы тазартылған суды шашыратыңыз. 
  4. Батарейкаларды шығарып алыңыз немесе адаптерді негізгі блоктан ажыратыңыз.
  5. Бүріккішті негізгі блоктан шығарып алыңыз.
  6. Бүріккішті тазартылған сумен жуыңыз және шайыңыз.
  7. Су қалдығын сілкіп тастаңыз және  таза және құрғақ сүлгіге қойып, оны ауада кептіріңіз.
  8. Қажеттілігіне қарай негізгі блоктағы сұйықтық дақтарын дәкемен немесе таза сүлгімен тазартыңыз.  
  9. Сақтау үшін ораудың немесе келесі жолы қолданудың алдында аспаптың барлық жуылған бөлшектерінің толығымен кепкендігіне көз жеткізіңіз.   



Егер бүрку жылдамдығы төмендеген болса, не істеу керек?

AGU Minimill небулайзерінің бүрку жылдамдығының нашарлау себептері бірнеше болуы мүмкін: 

  • Батареялар қуаты бітіп келеді: батарейкаларды ауыстырыңыз немесе адаптерді қолданыңыз (жиынтыққа кірмейді).
  • Мембрана саңылауларының бітелуі: бүріккішті жуыңыз.
  • Элекродтардың ластануы: электродтарды спиртпен тазалаңыз.
  • Мембрана сынып қалды: бүріккішті ауыстырыңыз.



Қолданылатын дәрілік ерітіндінің бірдей көлемі кезінде неге ингаляцияның ұзақтығы өзгереді?

Иингаляция процедура ұзаққа созылады, егер оны жүргізу кезінде тұтқырлығы жоғары ерітінді қолданылған кезде.

Егер ингаляция процедурасы аяқталғаннан кейін дәріге арналған бөлікте аздаған сұйықтық қалып қойса не істеу керек?

Ингаляция суыз аэрозольмен жүргізілетін болғандықтан, бүріккіштегі қалған қалдық дәрілік ерітінді болып табылады. Ингаляция процедурасы аяқталғаннан кейін ерітінді қалдығы мембранамен байланыспағанын және толығымен бүркілгенін қадағалаңыз.

Неге аспап процедура жүргізіп жатқан кезде сөніп қалды?

Егер ерітіндінің үлкен мөлшері мембранаға жиналатын болса, AGU Minimill небулайзері процедура барасында сөніп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда аспапты желіден ажыратыңыз және ерітіндіні дәкемен немесе түгі жоқ матадан жасалған сүлгімен сорып алыңыз.

AGU Minimill небулайзерін қолдана отырып, ингаляция процедурасын қалай дұрыс жүргізуге болады?

Ингаляция процедурасын жүргізу кезіндегі әрекеттердің реттілігі сіз қандай қуаттау элементік қолданатыныңызға байланысты: 

  • Батарейкалар. Батарейкаларды кереғарлығын сақтай отырып, орнатыңыз. Содан кейін бүріккіштің бағыттаушыларын өзіндік тырс еткенге дейін негізгі блок пазасына қоя отырып, бүріккішті негізгі блокқа орнатыңыз.  Индикатор шамының жанбай тұрғанына көз жеткізіңіз, содан кейін бүріккішті 6 мл  артық емес көлемді дәрілік ерітіндімен толтырыңыз. Бүріккіштің қақпағын берік жабыңыз. Аспапты қосу  үшін «ҚОСУ/СӨНД» батырмасын басыңыз (индикатор жалсы түспен жануы тиіс). Мүштікті тістердің арасына орналастырыңыз және оны еріндеріңізбен берік қармап алыңыз. Масканы қолданған кезде оны ауызға және мұрынға киіңіз.   Дәрілік ерітінді таусылғанға дейін ауыз арқылы дереу деміңізді жұтып,  шығарыңыз. Ерітінді толығымен дерлік таусылған кезде, оның қалдығы мембранамен жанаспайтынына және толығымен бүркілгеніне көз жеткізіңіз.  Процедура аяқталғаннан кейін аспапты сөндіру үшін, «ҚОСУ/СӨНД» батырмасын басыңыз, және егер аспапты ұзақ уақыт бойы пайдалануды жоспарламаған болсаңыз, батарейкаларды шығарып алыңыз.  
  • Желілік адаптер. Бүріккіштің бағыттаушыларын өзіндік тырс еткенге дейін негізгі блок пазасына қоя отырып, бүріккішті негізгі блокқа орнатыңыз. Содан кейін бүріккішті 6 мл  артық емес көлемді дәрілік ерітіндімен толтырыңыз. Бүріккіштің қақпағын берік жабыңыз. Желілік адаптердің кабелін негізгі блоктағы ұяшыққа қойыңыз және адаптерді розеткаға қосыңыз.  Аспапты қосу  үшін «ҚОСУ/СӨНД» батырмасын басыңыз (индикатор жалсы түспен жануы тиіс).  Мүштікті тістердің арасына орналастырыңыз және оны еріндеріңізбен берік қармап алыңыз. Масканы қолданған кезде оны ауызға және мұрынға киіңіз.   Дәрілік ерітінді таусылғанға дейін ауыз арқылы дереу деміңізді жұтып,  шығарыңыз. Ерітінді толығымен дерлік таусылған кезде, оның қалдығы мембранамен жанаспайтынына және толығымен бүркілгеніне көз жеткізіңіз.  Процедура аяқталғаннан кейін аспапты сөндіру үшін, «ҚОСУ/СӨНД» батырмасын басыңыз, және желілік адаптерді негізгі блоктан және электр желісінен ажыратыңыз.   


AGU Minimill небулайзері қай жастағы балаларға сәйкес келеді?

AGU Minimill небулайзерінде пациенттің жасы бойынша шектеулер жоқ: ол сәбилерге де, сондай-ақ мектеп жасындағы балаларға да мінсіз сәйкес келеді. Аспап ықшамды және іс жүзінде шуылсыз, сондықтан сәбиді қорқытпайды. Қажеттілігіне қарай тіпті сіз бала ұйықтап жатқан кезде де ингаляция процедурасын жүргізе аласыз, себебі AGU Minimill небулайзері батарейкаларда жұмыс істейді, ал дәріге арналған камера герметикалық жабылады, бұл процедураны кез келген бұрышта жасауға мүмкіндік береді.

AGU Minimill небулайзерімен ингаляция жүргізу кезінде пайдалануға тыйым салынған ерітінділер бар ма?

Осы аспаптың көмегімен ингаляция жүргізу кезінде ерітінділерді пайдалануға тыйымдар терапияның осы түрі үшін стандартты болып табылады:

  • Өзінің құрамында эфир майлары бар ерітінділерді қолдануға тыйым салынады. Себебі шашыратылатын бөлшектер төменгі тыныс алу жолдарына (тек қана мұрынның шырышты қабатына емес) өтеді, олар болса олар бронхтардың тығындалуына және, салдарынан, өкпенің қабынуына (майлы пневмония) алып келеді. Бұдан басқа, эфир майларын қолдану аспаптың сынуына алып келуі мүмкін.
  •  Дәрілік шөптердің тұнбалары, тұндырмаларын және қайнатпаларын қолдануға тыйым салынады.Осындай ерітінділердегі әрекет етуші заттардың концентрациясы айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін, сондықтан қабыну ошағына жеткізілуі тиіс дәрі мөлшерлемесін есептеу мүмкін емес.  Мұндай ингаляцияның жақсы жағдайда емдік әсері болмайды, нашар жағдайда – күшті аллергиялық реакцияның себебі болуы мүмкін.  Мұндай ерітінділерді қолдану аспаптың сынуына алып келуі мүмкін.   
  • Димедрол, папаверин, платифиллин, эуфиллин сияқты дәрі-дәрметерді, жүйелік глюкокостероидтерді және шырышты қабыршаққа әсер ете алмайтын және өкпеде айқындауыш нүктелері жоқ басқа да дәрілік заттарды қолдануға тыйым салынады.  


AGU Minimill небулайзерімен ингаляция жүргізу кезінде ерітінділерді пайдалану бойынша шектеулер бар ма?

Небулайзерлік терапияны жүргізу кезінде тек қана арнайы бағытталған және ингаляция жүргізу үшін дайындалған ерітінділерді қолдануға рұқсат етіледі. Ешқандай жағдайларда осы процедура үшін үй жағдайларында ұнтақталған таблеткаларды, сонымен қатар небулайзерлік терапияға арналмаған дәрілік шәрбаттарды қолданбаңыз. Мұндай дәрі-дәрмектер аспаптың сынуына ғана әкеліп қоймай, сонымен бірге демді жұту нәтижесінде емдік әсердің болмауына әкеледі, себебі олар терапияның басқа түріне арналған.

AGU Minimill меш-небулайзердің компрессорлық және ультрадыбыстық баламаларымен салыстырғанда артықшылығы неде?

Компрессорлық небулайзердің технологиясы ингаляция кезінде іс жүзінде дәрілік заттардың барлық түрлерін қолдануға мүмкіндік береді, алайда мұндай небулайзерлер айтарлықтай шуылды және көлемі жағынан үлкен болып табылады. Ультрадыбыстық небулайзерлер ықшамды және шуылсыз болып келеді, бірақ оларды қолданған кезде қолжетімді дәрілік заттардың диапазоны айтарлықтай тарылады, себебі олардың бүрку антибиотиктер және гормондар сияқты дәрі-дәрмектердің құрылымын бұзуға қабілетті. AGU Minimill меш-небулайзер технологиясы өзіне компрессорлық және ультрадыбыстық небулайзерлердің барлық күшті жақтарына біріктірген: шуылсыз жұмыс, ықшамды мөлшер және іс жүзінде барлық дәрілік заттарды қолдану мүмкіндігі. Бұл оны балаларды емдеу кезінде, сонымен қатар саяхат жасау және жол жүру кезінде ингаляция жүргізу қажеттілігі кезінде таптырмас құрал етеді.

AGU Minimill небулайзерімен бүркіп шашылатын бөлшектердің өлшемі қандай?

Бүркіп шашылатын бөлшектердің орташа өлшемі 4-5 мкм (MMAD 4,6) құрайды, бұл жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының ауруларын емдеу үшін мінсіз болып келеді.

AGU Minimill небулайзері қандай ауруларды емдеуге сәйкес келеді?

AGU N7 Minimill небулайзері жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының суық тиюден болатын ауруларын емдеу үшін мінсіз сәйкес келеді.

Небулайзерлік терапия қандай аурулар кезінде қолданылады?

Небулайзерлік терапия ЖРВИ, риниттер, синуситтер, фарингиттер, ларингиттер, трахеиттер және бронхиттер сияқты тыныс алу жолдарының ауруларын, сонымен қатар бронх демікпесін және пневмонияны емдеу үшін замануи медицинада кеңіннен қолданылады. Небулайзерлік терапияның артықшылығы қажетті мөлшердегі дәрінің бүркіп шашылатын бөлшектері тыныс алу жолдарында ошақталған ауру ошағына тікелей тиімді әсер ететіндігі болып табылады. Ауру ошағына дәрі-дәрмекті осындай тікелей «жеткізу» емдеу процесінің жеделдетілуін және сауығуды қамтамасыз етеді, дәстүрлі тәсілдерге ақарағанда дәрі-дәрмектің аз мөлшерлемесін қолдануға мүмкіндік береді, бұл маңызды, іс жүзінде қанға сорылмайды және бұл таблеткаларды немесе инъекцияларды қабылдау кезінде болатындай, басқа ағзалар мен жүйелерге жанама әсер көрсетпейді.

Небулайзер деген не?

Небулайзер – сұйық дәрілік затты жоғары дисперстік бөлшектері бар аэрозольге айналдыратын және оларды тыныс алу жолдарына тікелей ауру ошағына жеткізетін медициналық аспап.

Тағы көмек керек пе? Біздің команда сізге көмектесу үшін қолдау күтеді. Чатты бастау үшін. Бір белгіге төмен басыңыз.


Бұл сайт cookie пайдаланады. Осы торапты пайдалануды жалғастыра отырып, бұл баннерді жабу немесе «Мен келісемін» түймесін басу арқылы сіз «cookie» файлдарын пайдалануға келісесіз.
Қосымша ақпарат алу үшін cookie саясатын және құпиялылық саясатын оқыңыз.
Мен келісемін