Frequently Asked Questions

Қоспа өте ыстық/суық

Қоспа дайындау температурасының параметрін тексеріңіз.

Құрылғыға бағдарлама арқылы қосылу мүмкін емес.

Машина қол режимінде жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз, егер істеп тұрса онда:
  • Сүт машинасы iOS 6.0 немесе одан жоғары (iPhone 4S немесе одан жоғары) және Android 4.5 немесе одан жоғары нұсқаларымен басқарылатын смарт құрылғыларымен жұмыс істейді.
  • AGU қолданбаны қайта орнатыңыз, смартфонды өшіріп қайта қосыңыз, сіздің смартфоныңыз интернетке қосылғанын және Bluetooth ға (нұсқасы 4.0 немесе одан жоғары) қосылып тұрғанын тексеріңіз. Машинаны өшіріп қосыңыз.
  • Контейнерге бөлме температурасындағы (шамамен 25 ° C)  су құйыңыз. Суды жүйе арқылы жүргізу немесе салқындату процедурасын орындау үшін «Жылы су» батырмасын басыңыз. «Жылы су» индикаторы бір қалыпты болып жанып тұрғанша қайталай беріңіз(«жыпылықтағанын қойғанша).                                    
  • Смартфон мен сүт даярлауға арналған құрылғы тек машинада қате болмаған жағдайда ғана қосыла аладым, яғни. «Жылы су» индикаторы тұрақты күйде жанып тұрмағанда жыпылықтамайды).


Құрылғы қоспаны дайындай алмайды және «Жылы су» түймешігінің индикаторы жыпылықтайды.

• Контейнердегі су температурасы қоспа әзірлеу температурасынан жоғары болып тұр. Суды бөлме температурасына дейін(шамамен 25 ° С) суытыңыз, ""Жылы су"" батырмасын басып жүйе арқылы суды жүргізіп немесе суытып алыңыз.
• Су контейнеріндегі судың бітіп қалмағанын тексеріңіз.
• Алдыңғы дайындаудың тәсілі өзгерген немесе пісіру температурасы мүмкін жоғары болған шығар. Мысалы, құрылғы 55 ° С температурада қоспа дайындаған болса, Сіз қатарынан, 45 ° С температурада смартфон арқылы қоспа дайындайын десеңіз машина дайындамайды, бірақ ол «Жылы су» индикаторын жыпылықтатуымен сізге бір немесе бірнеше рет салқындату циклын жүргізіңіз деп кеңес береді. («Жылы су» батырмасын басып)

Әр қосқаннан кейін немесе параметрлерді өзгерткен сайын «Жылы су» индикаторы жыпылықтайды

Бұл қалыпты жағдай.                                                                                                              Суды жүйе арқылы жүргізу немесе салқындату процедурасын орындау үшін «Жылы су» батырмасын басыңыз.«Жылы су» индикаторы үнемі жанғанша («жыпылықтауын тоқтатқанша») бір немесе бірнеше рет «Жылы су» батырмасын басыңыз.

Сүт бөтелкесі тым жоғары, ол шүмекпен астыңғы тұғырғының арасындағы кеңістікке сәйкес келмейді.

Бөтелкенң астыңғы тұғырғыны шығарып қойыңыз

Қоспа дұрыс дайындалмайды, өте суйық/оте қою

  • Сүт дайындау машинасы үшін қолайлы қоспаны қолданғаныңызға көз жеткізіңіз». Қолданыстағы қоспалар тізімін www.agu-baby.com сайтынан алуға болады.
  • Дайындау параметрлері (көлемі және бағдарлама) қоспаның параметрлеріне сәйкес екенін тексеріңіз. www.agu-baby.com сайтында қоспалар базасы орналастырылған.
  • Қоспаға арналған контейнер дұрыс жиналмауы немесе дұрыс орнатылмауы мүмкін. Контейнердің дұрыс жиналғанын тексеріңіз. Контейнердің кертігі негізгі бөліктегі қкертікке сәйкес келетініне және контейнердің блокқа тығыз орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
  • Қоспаның ұнтағы Контейнердің шығысында жиналады. Құрғақ қоспа шығатын ауызын таза матамен немесе щеткамен тазалаңыз.
  • Қоспаның ұнтағы қоспаға арналған контейнердің шығыс бөлігіндегі силикон сақинасында жиналады. Силикон сақинасын тазалаңыз немесе ауыстырыңыз (жиынтықта екі сақина бар).
  • Контейнерде өте аз қоспа. Контейнер қоспасын толтырыңыз, контейнерде кемінде 30 грамм қоспа болуы керек. 
  • Мүмкін қоспаны дайындағанда су контейнеріндегі су бітіп қалды.

Құрылғыдан құрғақ қоспа ғана шығұда

Судың бітуі немесе су ыдысы дұрыс орнатылмауы мүмкін.                                             

  • Су контейнерін толтырыңыз;
  • Су контейнерін салыңыз, су контейнерінің корпусындағы саңылау негізгі корпустың кертігіне енуі керек, контейнер негізгі бөліктің түбіне дейін (ол тоқтағанша) салынуы керек. Жүйені сумен толтыру үшін «Жылы су» батырмасын басыңыз, «Жылы су» индикаторы бір қалыпты болып жанып тұрғанша қайталай беріңіз(«жыпылықтағанын қойғанша).


Құрылғы қоспасыз суды ғана даярлауда

Мүмкін, қоспаға арналған Контейнер дұрыс жиналып немесе дұрыс орнатылмаған шығар.
  • Қоспаның Контейнері дұрыс жиналғанын тексеріңіз;
  • Контейнердің кертігі құрылғыдағы кертікке сәйкес келетініне және контейнердің блокқа тығыз орналастырылғанына көз жеткізіңіз;
  • Контейнерді қоспамен толтырыңыз, бір порция әзірлеу үшін контейнерде кемінде 30 грамм қоспа болуы керек.


Қоспаны дайындаған кезде, су ағызу Шұңқырының бетінде су пайда болама?

Су ағызу Шұңқыры дұрыс жиналмаған немесе дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін. Тексеріп, шұңқырды қайта орнатыңыз.

Дисплей қосылмайды, жанбайды ма?

• Желінің кабелінің тұтастығын тексеріңіз.                                                                              • O / I қосқышын тексеріп, қосқыштың қосулы екенін тексеріңіз

Бұл сайт cookie пайдаланады. Осы торапты пайдалануды жалғастыра отырып, бұл баннерді жабу немесе «Мен келісемін» түймесін басу арқылы сіз «cookie» файлдарын пайдалануға келісесіз.
Қосымша ақпарат алу үшін cookie саясатын және құпиялылық саясатын оқыңыз.
Мен келісемін