Қолдау

Daisy

AGU Daisy назальдық аспираторы

Басқа өнім

Назальный аспиратор AGU NS12 - Daisy

Аспаппен қиындықтар басталды: бөлінділерді жинауға арналған ыдыссыз разрядтаудың қалыпты қысымы құрылайды, ал ыдыспен – жоқ. Қмындық неде болуы мүмкін?

Сіздің аспираторыңызда бөліндіні жинауға арналған ыдыс пен аспап корпусы арасында аралық қабат қызметін атқаратын тығыздаушы сақина жоқ болуы мүмкін. Оның болмауының себебінен барлық желінің герметикалығы жоғалған, және разрядтаудың қажетті қысымы құрылмайды. Сізге ақаулықты жою үшін жақын жердегі сервистік орталыққа жүгіну қажет.

Аспиратор жұмыста қаншалықты тиімді? Мұрыннан бөлінген затты толық көлемде алу үшін оның қуаттылығы жете ме?

Аспиратор дұрыс қолданылған кезде жұмыста жоғары тиімділікті иеленеді. Сұйық бөлінген заттарды ол қосымша құралдарды қолданусыз жақсы тазалайды; қою, тұтқыр бөлінділерді тазалаудың алдында «Аквамарис» спрейімен немесе шырышты сұйылтуға арналған осындай заттармен өңдеу қажет. Заттарды таңдау кезінде біз алдын ала дәрігермен кеңесуді ұсынамыз.

Силикондық мүштік жоғалды (жарамсыз болып қалды). Ұштықсыз баладағы мұрыннан бөлініп шығатын затты тазалауға/алуға бола ма?

Ұштықсыз баланың мұрнынан бөлініп шығатын затты тазалауға/алуға қатаң тыйым салынады! Ұштықтың тұтастығының бұзылуы немесе оның болмауы мұрынның шырышты қабатының механикалық зақымдауына әлеуетті қауіп төндіреді! Ауыстырмалы бөлшектер мен керек-жарақтарды іздестіру қиындығы туындаған кезде сервистік орталықпен хабарласыңыз.

Аспаппен жиынтықта не жүреді?

AGU Daisy аспираторының жиынтығына келесі элементтер кіреді:

  • аспиратор назальдық;
  • «АА » по 1,5 В типті  батарейкалар (2 дана);
  • тар мұрыншасы бар силикондық ұштық;
  • кең мұрыншасы бар силикондық ұштық;
  • жинақтаушы-ыдыс;
  • сақтауға арналған сөмке;
  • кепілдік талоны бар пайдалану жөніндегі нұсқаулық.


Ауыстыру үшін батарейкалардың қандай типі қажет етіледі?

AGU Daisy аспираторында «AA», 1,5 B типті 2 алкалиндік батарейкалар қолданылады. Біз жаңасын сатып алуды жоспарлаған кезде, екі үлгідегі батарейканы өзіңізбен бірге алуды ұсынамыз. Жаңа батарейкаларды тұрмыстық аспаптар дүкендерінен, гипермаркеттерден, шаруашылық тауарлар дүкенідерінен, фотодукендерден және май құю станцияларынан сатып алуға болады.

AGU Daisy аспираторындағы батарейкалардың жұмыс істеу ұзақтығы қандай?

Батарейкалардың бір жиынтығынан аспиратордың жұмыс істеу ұзақтығы батареялардың сапасына байланысты шамамен 90 минутты құрайды.

AGU Daisy аспираторының қызмет ету мерзімі қандай?

AGU өнімі қызмет етудің ұзақ мерзіміне есептелген. Өндіріс кезінде жоғары сапалы толымдаушы бөлшектер қолданылады, негізгі желілері сенімді қорғалған. Жаңа өнімді әзірлеу кезінде, аспап өмірінің ұзақтығын қамтамасыз ету үшін, біз негізгі құрамдас бөліктерге жүктеме бойынша тестілеу жүргіземіз. Аспаптың негізгі блогы қалыпты үй жағдайларында 5-10 жыл мерзімдік жұмысқа есептелген. Мұқият әзірленгеніне және берік конструкциясына қарамастан, AGU Daisy аспираторымен дұрыс жұмыс істемеу оның жұмысындағы ақаулыққа алып келуі мүмкін. Аспираторға тиісті күтім жасау мен дұрыс пайдалану сізге көп жылдар бойы сәби үшін мұрынды тазалаудың жағымды процедурасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Аспираторлың өлшемдері мен салмағы қандай?

AGU Daisy аспираторының салмағы батарейкаларсыз 146 г құрайды, ал оның өлшемдері (ҰЗЫНДЫҒЫ х ЕНІ х БИІКТІГІ) 98,5 мм х 45,3 мм х 143 мм құрайды.

AGU Daisy аспиратордың шуыл деңгейін немен салыстыруға болады?

Жұмыс істеп тұрған AGU Daisy аспираторының шуылының деңгейі аспаптан 30 см қашықтықта 75 дБ аз құрайды, бұл әңгімелесудің немесе күлкінің дауыс қаттылығы деңгейіне сәйкес келеді.

Аспираторды ауызда, көзде немесе құлақта осыған ұқсас процедуралар үшін қолдануға бола ма?

AGU Daisy назальдық аспираторы тек қана мұрын қуысынан шырышты алуға арналған. Оны өзге мақсаттар үшін қолданбаңыз.

Процедура аяқатлағаннан кейін аспираторды тазалауды қалай дұрыс жүргізу қажет?

Ұқыпты қозғалыспен ұштығы бар негізгі модульді аспиратор корпусынан ажыратыңыз, содын кейін ұштықты шешіп алыңыз және ыдысты сағат тілімен бұрай отырып, бұрап алыңыз. Ыдысты, негізгі модульді және ұштықты жұмсақ сабынды қолдана отырып жылы суда 3 минут бойы жуу керек. Содан кейін әрбір бөлшекті краннан аққан ыстық сумен 3 минут жуу қажет және қайнаған сумен шаю керек. Осыдан кейін бөлшектерді ауада кептіру қажет. Агрессивті жуу және абразивт тазалау құралдарын қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Аспиратордың корпусын тек қана таза жұмсақ құрғақ матамен сүрту ұсынылады. Аспиратордың корпусын сумен немесе қандай да бір баса сұйықтықпен жууға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Егер сорып алу процедурасын жүргізу әлсіз немесе жоқ болса, не істеу керек?

AGU Daisy аспираторының тиімсіз жұмысының себептері бірнеше болуы мүмкін: 
  • Аспирацияны жүргізудің дұрыс емес шарттары. Процедураны жүргізу кезінде бала тік жағдайда болуы тиіс. Аспираторды да тік ұстау қажет, ұштықты мұрын тесіктеріне  90° бұрышпен орналастыру қажет. Мұрын қанатшасының шамадан тыс күш түсірмей және ұштықтың мұрын қуысына тереңдей енуіне жол бермей, ұштықты бір жағына қойыңыз.  Екінші жағын абайлап басыңыз және процедураны бастаңыз, шырышты алу үшін қажетті вакуум түзілгенше бірқатар уақыт ішінде қосу батырмасын ұстап тұрыңыз.    Егер сізге сорып алуды тоқтату қажет болса, жай ғана батырманы жіберіңіз, аспап сөндіріледі.  Шырыш ыдыста бірден пайда болмайтынына назар аударыңыз. Әрбір қолднанудан кейін ұштықты аспиратордан шешіп алып, жылдам тазалау ұсынылады.  
  • Батарейкалардың төмен қуаты немесе олар дұрыс орнатылмаған. Батарейкаларды тексеріңіз немесе ауыстырыңыз.
  • Ыдыс бұрап бекітілетін жерде резеңке сақина (аралық қабат) жоқ. Ыдыс бұрап бекітілетін жерде сұр резеңке сақинаның (аралық қабаттың) бар екендігіне көз жеткізіңіз.  
  • Ыдыс тиісті дәрежеде бекітілмеген. Ыдыстағы көлденең сызықтар аспиратор  корпусындағы сызықтармен сәйкес келетіндігін тексеріңіз. 

Неге әуенді орындау батырмасына басқан кезде тоқтамайды?

Бәлкім, сіз батырманы жеткілікті ұзақ ұстамайсыз. Әуеннің орындалуын тоқтату үшін, орындай батырмасын орындау тоқтағанға дейін батырманы басып, ұстап тұрыңыз.

Неге әуенді орындау батырмасына басқан кезде әуен шықпайды?

Бәлкім, батарейкалардың қуаты төмен немесе олар дұрыс орнатылмаған. Тексеріңіз және батарейкаларды ауыстырыңыз.

AGU Daisy аспираторы арналған қондырманы қалай дұрыс таңдауға болады?

Ұштықты мұрынның пішінінің және өлшемінің жекелеген ерекшеліктерін, сонымен қатар шырыштың консистенциясын есепке ала отырып, таңдау қажет:
  • тар мұрыншасы бар ұштық шырыштың сұйық консистенциясы болған жағдайларға ұсынылған;  
  • кең мұрыншасы бар ұштық шырыштың қою консистенциясы болған жағдайларға ұсынылған.  


Аспиратор нені ойната алады: балалар әуенін немесе әндер?

AGU Daisy аспираторы 12 танымал балалар әуендерін ойната алады.

Бала қорықпайтындай етіп, мұрынды тазалау процедурасын қалай жүргізуге болады?

AGU Daisy аспираторымен сіз сәби үшін мұрынды тазалау процедурасын жайлы етіп жасай аласыз. Аспираторды сәбиге көрсетіңіз, қосыңыз, сәби жұмыс істеп тұрған аспаптың дыбысына үйренуі тиіс. Әуен ойнату батырмасына басып, балаға аспиратор мұрынды тазалап қана қоймай, әуенде ойнататынын көрсетіңіз. Бұл баланың назарын процедурадан алдандырады, ол өзін аспап жұмыс істеп тұрған кезде барынша жайлы сезінетін болады. Басқа әуенді таңдау үшін, ойнату батырмасын тағы бір рет басыңыз. Әуенді сөндіру үшін, ойнату батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.

Қандай жағдайларда аспапты қолдануға тыйым салынады?

Назальдық аспираторды келесі жағдайлар кезінде қолдануға тыйым салынған:
  • мұрын шырышты қабатының тұтастығының зақымдануы болған кезде;
  • мұрын қалқасы құрылысының жекелеген ерекшеліктері;
  • мұрыннан қан кету;
  • бас және мойын облысындағы ашық жарақаттар;
  • қан ұйығыштығының бұзылуы.
Егер аспаптың жұмысы кезінде баланың жағдайы нашарлайтын болса, дереу шырыш аспирациясы процедурасын жүргізуді тоқтатыңыз және дәрігермен кеңесіңіз.  

Аспиратордың қолданылуы шектелетін мұрынның бітелуімен қатар жүретін аурулар бар ма?

Иә, аспапты қолданудың алдында дәрігермен кеңескен дұрыс.

Қандай жастағы балаларға осы аспираторды қолдануға болады?

AGU Daisy аспираторы балалардың мұрнын өмірінің бірінші күнінен бастап тазалау үшін арнайы әзірленген.

Тағы көмек керек пе? Біздің команда сізге көмектесу үшін қолдау күтеді. Чатты бастау үшін. Бір белгіге төмен басыңыз.


Бұл сайт cookie пайдаланады. Осы торапты пайдалануды жалғастыра отырып, бұл баннерді жабу немесе «Мен келісемін» түймесін басу арқылы сіз «cookie» файлдарын пайдалануға келісесіз.
Қосымша ақпарат алу үшін cookie саясатын және құпиялылық саясатын оқыңыз.
Мен келісемін